Хижаз тарапынан үлкен от шығады

Хижаз тарапынан үлкен от шығады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ақырзаманның соңғы белгісі Хижаз тарапынан үлкен бір оттың шығып, шартарапты жарық қылатындығы хадисте айтылады.

Хазіреті Пайғамбарымыз бұл жайын- да былай дейді: «Хижаз жерінен шығатын, Бусрадағы түйелердің мойындарын жарқырататындай бір от шықпайынша қиямет қайым болмайды» (Муслим, Фитән 42).

«Бусра» Сирия мемлекетіндегі бір ауылды мекеннің аты. Хазіреті Пайғамбарымыз 12 жасында көкесі Әбу Тәлібпен бірге сауда мақсатымен Шам аймағына барғанда, сол жердегі Бахира есімді монахтың ескертуімен, Меккеге кері қайтқан еді.

Бахира христиан дінін жетік меңгерген монах болғандықтан, соңғы пайғамбардың келетіндігін және оның бойында қандай ерекшеліктер мен қасиеттің бар екендігін білетін. Сондықтан алыстан келе жатқан ке- руенмен ілесіп келе жатқан бұлтты көріп, оның тегін еместігін сезеді де, Әбу Тәліб бастаған саудагерлерді арнайы асқа шақыртады. Сөйтіп, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) болашақ пайғамбар екендігіне көз жеткізіп, сол жерден кері қайтуларын бұйырған еді. Міне, сол Бусрадан шығатын алып оттың жарығы жүздеген шақырымнан көрінетін бо- лады. Мүмкін осы маңдағы мұнай кеніштерінің бірі отқа оранады ма, кім білсін?

Осы жерге дейін ақырзаманның белгілерін айтып келдік. Бірақ қиямет қайымның аласапыранын көретін пенделер жаман адамдар мен иман етпеген жандар болады. Ал жүрегінде иманы бар пенделер қиямет-қайымның сілкінісін көрместен бұрын жан тапсырады. Хазіреті Пайғамбарымыз бұл жайында былай дейді: «Аллаһ Тағала Йемен тарапынан жібектен де жұмсақ болып тиетін бір самал естіреді. Бұл самал жүрегінде бидайдай иманы болған пенделерді бақилық етеді» (Муслим, Фитән – 23).

«Өздері тірі тұрып, қияметтің болғанын көрген кісілер адамдардың жамандары» (Бухари, Фитән 5; Ибн Мажа, Фитән 24).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: