Біріккен араб әмірлігінің Шарджа қайырымдылық қоры биыл Рамазан айында елдегі және әлемдегі мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін 41 миллион дирхам бөледі, деп хабарлайды Islam.ru.
Қайырымдылық қорының бас хатшысы Абдулла әл-Духан қасиетті Рамазан айында тек ас-тағамның өзіне 3 миллион дирхам бөлініп, ол 3 000 отбасыға таратылатынын мәлімдеді.
Тамақ әмірлікте 147 шатырда беріледі, 200 000 ас әлемнің 56 елінде таратылады. Сонымен қатар бас хатшы БАӘ-дегі мұқтаж жандар үшін 15 миллион дирхам бөлінгенін айтты.