Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өседі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Ол бұл туралы Twitter парақшасында хабарлады.

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойдым", - деп жазды мемлекет басшысы.

Тоқаев құжатты әзірлеген үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған парламент депутаттарына алғысын жеткізді.

Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: