АҚШ-тың Детройт қаласында тұңғыш рет мұсылман балалары ислам әлемінің Ораза айт мерекесіне орай ресми демалыс алатын болды, деп хабарлайды Ansar.ru.
Детройт округы мектептер кеңесі қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мұсылман оқушыларға қосымша демалыс беру туралы шешім қабылданды.
2020 жылы 26 мамыр күні Детройтта мұсылман балалар заңды түрде айт мерекесін отбасында өткізе алады. Детройт техникалық мектебінің жоғары сынып оқушысы Мұхаммад Мунтаким білім органынан осы мерекенің ресми берілуіне үлес қосты. Қаңтар айында жергілікті газетте Мұхаммадтың мақаласы жарияланды. Онда оқушы Дейтройт мектептерінде басқа конфессиялардың діни мерекелер мойындалатынын, ал Ислам діні бұдан тысқары қалмауы тиістігін жазған.
Мұхаммад Мунтакимнің көтерген мәселелері білім органының күн тәртібіне енгізіліп, тиісті шешім шығарылды.