Қыз-келіншектердің әтір себінуі жайында...

Қыз-келіншектердің әтір себінуі жайында...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Өзінің таусылмас даналығымен еркектер мен әйелдерге әртүрлі дүниелерге тыйым салған — осындай тыйым салулардың негізінде екі жыныс арасындағы биологиялық айырмашылық жатыр.

Мысалы, еркектерге алтын тағып, жібектен киім киюге тыйым салынса, ал әйелдерге алтыннан әшекейлер тағуға да, жібектен киім киюге де рұқсат берілген.   Осыған ұқсас Алла Елшісі (ﷺ) әйелдерге үйден шығарда әтір қолдануға болмайтындығын айтқан, алайда еркектерге әтір себінуге тыйым салынбаған.

Алла Тағала еркек пен әйелге әртүрлі рөлдерді тағайындағанын түсінгенде, бұл бекітілімнің кемеңгерлігі мен тәжірибелік мағынасы айқын болады. Әйелдер табиғатынан еліктіргіш әрі тартымды болып жаратылған. Алайда бұл оларға бір бұйымдарға қарағандай қарап және көшедегі басқа әйелдермен салыстыруға болатындығын білдірмейді. Сондықтан көшеге шығарда әйелдерге сұлулықтарын жасыру үшін хижаб кию бұйырылған.

Әтір мен жұпар иіс  – бұл да сәнденудің бір бөлігі, бірақ иісті киіммен жасыру мүмкін емес. Жағымды жұпар иіс таралып, сол иіс шығып тұрған адамға көңіл бөлгіздіртеді. Осылайша, көшеге шығар алдында әтір себіну, мүмін әйелдің хижабын жоққа шығарып жіберуі мүмкін.  

Әйелдерден еркектердің айырмашылығы, олар хижаб кимейді әрі олардың сұлулығы нәзік жандардың сұлулығындай емес. Сондықтан бұл ұйғарым ер адамдарға қатысты емес.

Ал Жаратушы Алла жақсы біледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: