Сарыкемер ауылы Байзақ №3 колледжінің студеттеріне арналған имани жүздесу өтті. Аталған кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев арнайы барып қайтты.
Бір ерекшелігі - "Тәрбие тал бесіктен басталады" тақырыбында өткен жиынға тек ер балалар ғана қатысты. Ер адамға тән қасиеттер, отансүйгіштік сезім, ата-ананы құрметтеу, жақсы қасиеттерді сіңдіру турасы сөз болған іс-шара жастарға рухани даму болған-ды.
Кездесуде сонымен қатар студенттер көкейкесті сауалдарына мардымды жауаптар ала алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.