Қазіргі техниканың дамыған заманында екінің бірі компьютермен жұмыс істейді. Онсыз тағы болмайды. Қала берді, ноутбук, планшет, смартфон, сенсорлы телефондар. Осылардың барлығы денсаулығымызға, әсіресе, көзімізге кері әсерін тигізбей қоймайды.
Гарвард медициналық мектебінде жүргізілген зерттеу кәдімгі сарымсақтың (чеснок) көздің көру қабілетін жақсартатынын анықтады. Ол әсіресе, жанары жасының ұлғаюына байланысты нашарлаған адамдарға пайдалы. Күн сайын сарымсақтың бір тісінің жартысын жесе жетіп жатыр.
Сондай-ақ СӘБІЗдің құрамында бета-каротин (А витамині) көп болғандықтан ол көзіңіздің көруін жақсартып, көздің басқа да ауруларының алдын алады.
Арқан балық (лосось). Бұл балықта көзге өте пайдалы Омега-3 майлы қышқылдарының үш түрі де бар. Сол себепті ол көздің көруін жақсартып қана қоймай, көру қабілетін сақтап, көздің кез-келген ауруларын болдырмайды.