Данияда ислам ұйымдары қасиетті діни кітаптарды өртеуге тыйым салу туралы көтерген бастама қолдау тапты, деп хабарлайды Islam.ru.
19 сәуір күні ислам ұйымдары Копенгагендегі Блогорс Пладс алаңына барлық мұсылмандарды шеруге шақырды. Айта кетсек, дәл осы жерде бұған дейін «Stram Kurs» партиясының Данияда исламға тыйым салу туралы даттық радикалды митингісі өткен болатын.
Regnum ақпарат көзінің мәліметінше, Дания мұсылмандары бұл қадамға баруына «Stram Kurs» радикалды партиясының жетекшісі Расмус Палуданның көпшілік алдында Құран кітабын өртеуі себеп болған. Елдегі ислам ұйымдары Дания үкіметінен Конституциядағы Құдайға, діни наным-сенімге тіл тигізу туралы заңнаманы қайта қарап, осындай акцияларға тыйым салуды сұрады.