Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет бекіткен «Ислам және жастар» жылына бекітілген жоспарына сәйкес, салауатты өмір қалыптастыруды насихаттау мақсатында аудандық спорт кешенінде, футболдан мешіт жамағаттары арасында жарыс өткізілді.
Жарысқа жиналған командалар алдында бас имам Д.Жандосұлы сөз сөйлеп, «Ислам және жастар» жылы жайлы мәлімет беріп, салауатты өмір салты мұсылманның басты ұстанымы екенін тілге тиек етіп, жарысты ашық деп жариялады. Мемлекеттік әнұран ойнатылып, командалар бәсекеге түсе кетті.
Қызу да қызықты өткен жарысты кәсіби төрешілер әділдік жасап, жарыс жеңімпаздарын анықтады. 1-ші жүлделі орынды Қақпатас ауылдық мешіті, 2-ші орынды Бетқайнар ауылдық мешіті, 3-ші орынды Құдайберген мешітінің жамағаты йеленді. Ойын барыснда үздік қақпашы, үздік ойыншы да анықталып, командаларға арнайы сертификаттар, дипломдар және сыйлықтар үлестірілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі