Сауд Арабиясында Uber такси тапсырыс беру сервисінде көлік жүргізетін әйелдерге ер адамдардан тапсырыс алмау функциясы пайда болды, деп хабарлайды Islam Today.
Business Insider басылымының мәліметінше, жаңа функция тапсырыстарды іріктеп, тек әйел адамдардың тапсырыстарын көруге мүмкіндік береді. Бұл қызмет Сауд Арабиясы территориясында ғана жүреді.
Айта кету керек, жаңа функцияның мақсаты такси жүргізетін әйел адамдарды көптеп тарту.
Еске салсақ, бұған дейін королдікте өткізілген сауалнама нәтижесінде такси жүргізетін әйелдердің ер адамдарға қызмет еткісі келмейтіні анықталған еді. Ал Сауд Арабиясында қыз-келіншектердің көлік жүргізуіне 2018 жылдың маусым айынан бастап Салман бен Әбдел Әзиздің жарлығымен рұқсат берілген. Бүгінде корольдікте әйел адамдардың көлік айдауы үйреншікте жағдайға айналған.