Қасиетті Рамазан айына 19 күн қалды.
Шағбан айының атауы «ташагаба», яғни «таралу» деген мағынаны білдіреді. Мұсылмандар үшін аталмыш айдың келуі Рамазан айының жақын қалғанын білдіреді. Шағбан айы – адамның жан-тәнімен, жүрегімен оразаға толық дайындалу айы.
Бұл дүние мен мәңгілік өмір
Әли бин Әбу Тәліп (р.а.) былай айтқан: «Ақиқатында, бұл дүние өз мәресіне жетіп, ал мәңгілік өмір басталайын деп қалды. Әр өмірдің өз балалары бар. Бұл дүниенің баласы болмай, ақирет өмірдің баласы болыңдар, өйткені бүгін амалдар есепсіз болса, ал ертең есеп болады, бірақ амал болмайды».
Бұл айдағы ораза тек қана ас-судан тыйылу емес, сондай-ақ, Қасиетті Рамазан айына жан-тәнімен дайындық болып та табылады. Рамазан айына рухани түрде дайын болу үшін, бұл дүние мәнін түсіну, ақирет өмір жайында ойлану әрі басымдықтарды дұрыс қоя білу маңызды. Келесі алты кеңес осы мәселеге көмектесе алады:
1. Жаңа ілім алып қана қоймай, ой жүгірте біліңіздер.
Алла Елшісінің (ﷺ) бізге қалдырған кеңестері құнсыз. Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ақыл-кеңестері әрбір мұсылман үшін бағалы.
Күндердің күнінде Алла Елшісі (ﷺ) адамдардың ортасында базарда келе жатады. Оның (ﷺ) алдынан құлағы кесілген бір өлімші лақ шығады. Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі лақтың құлағынан ұстап: «Кім мына лақты бір дирхамаға сатып алғысы келеді?» - деп сұрайды.
Сахабалар: «Біз мұны еш бір ақшаға сатып алғымыз келмейді, құлағы кесілген өлімші лақты не істейміз?» - деп жауап береді.
Алла Елшісі (ﷺ): «Ал бұл лақтың сендердікі болғанын қалайсыңдар ма?» - деп сұрайды.
«Алламен ант етеміз, тіпті оның құлағы кесілмеген, өзі өлімші емес болса да алмас едік», - деп жауап береді сахабалар.
Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алламен ант етемін, бұл лақ сендерге қаншалықты түкке тұрмайтын болса, бұл дүние Алла үшін мүлде түкке тұрмайды», - деп айтқан екен (Мүслим).
2. Бұл дүниенің соңына түсудің қажеті жоқ.
Мұсылман ғалымдары бұл дүниені көлеңкеге теңейді. Егер біз оны ұстап алғымыз келсе, біздің күш-жігеріміз зая кетеді, өйткені көлеңкені ұстап қалу мүмкін емес қой, бірақ егер біз одан бұрылып кетсек, көлеңкеге біздің соңымыздан ілескеннен басқа ештеме қалмайды. Сол себепті, келесі өмірге дайындалып, бұл өмірімізді Алла Тағалаға сеніп, тапсырғанымыз абзал болар.
3. Жер бетінде бір жолаушы сияқты өмір сүріңдер.
Ибн Омардың (р.а.) былай айтқаны келтірілген: «Бірде Алла Елшісі (ﷺ) мені иығымнан қағып: «Бұл дүниеде жат елдік немесе жолаушы сияқты өмір сүр», - деп айтты.
Сондай-ақ, ибн Омар (р.а.) жиі былай айтатын: «Кешке дейін тірі жүрсең, таң атқанға дейін тірі боламын деп күтпе, ал егер таң атқанға шейін тірі болсаң, онда кеш батқанша тірі боламын деп күтпе, денсаулығыңнан сырқатыңа керек нәрсені ала біл, ал өміріңнен – өліміңе қажет болар нәрсені ала біл» (Бұхари).
Өзіміздің құштарлығымыздың соңынан ере жүріп, Жұмақтағы мәңгілік өмірімізге қалай дайындалмақпыз? Қасиетті Рамазан айына алып барар Шағбан айын қалай өткізбекпіз? Рамазан айына дайындығымызды бұл айдың соңына қалдырмайық, өйткені айдың соңына дейін өмір сүреміз бе әлде жоқ па – ол тек Алла Тағалаға ғана аян. Әр күнімізден сауап жинау мүмкіндігімізді жоғалтып алмайық.
4. Азға қанағат ете біліңіз.
Өз өміріңізді қалайтын нәрселердің төңірегіне емес, шынымен сізге қажет дүниелердің төңірегіне құрыңыз. Сауда-саттық жасағанда тек өзіңізге қажетті дүниелерді ғана алыңыз. Рамазанға дайындала жүріп, өзіңіздің нәпсіңізді ауыздықтайтын кез келгенін түсініңіз. Қаражатыңызды өзіңіз қалаған майда-шүйдеге жұмсағанның орнына, әлдебір қайырымдылыққа жұмсаңыз. Жомар ай Рамазанға шынайы түрде тиісінше дайындалайық.
5. Тізім құрыңыз.
Анағұрлым жиі жасайтын 10 амалдарыңыздан тізім құрып көріңіз. Осылайша, келесі өмірге қанша уақыт бөлетініңізді білетін боласыз.
6. «Әл-Хади» Аллаға сиыныңыз.
Хақ жолмен жүргізуші Алладан зейінімізді келесі өмірге аудартып, ақирет өмірімізге көп көңіл қоюға көмектесуді сұрап, сиынайық.
asyldin.kz