Мойынқұм ауданында бас имам Ерлан Бөлегенов бастаған мешіт имамдары, жамағаты мен аудан әкімшілігінің қызметкерлері бірлесіп, өңірді көркейту мақсатында жеміс ағаштары отырғызды.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дейді дана халқымыз. Ал хадис шәріпте: "Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа" (Ахмад бин Ханбал), - делінген.
Міне, осындай бір өзекті іске мұрындық болған аудандықтар ағаш отырғызып қана қоймай, оны өздері баптамақ екенін айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.