ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Әділханұлы Жуалы ауданына іс-сапарға барып қайтты. Ауданға жасалған іс-сапар басы аудандық орталық ауруханада бір топ қариаларды зират қылып, көңіл сұраудан басталды. Ауруханада облысымыздың құметті азаматы ауданымыздың қадырлі қариясы Жарас Мұратайұлы өкіл имамды ауруханадағы емалып жатқан барша науқастарға таныстырды. Аурухана басшысы және қариялар рахметін айтып, алдағы існе табыс тілеп, баталарын берді.
Кейін орталық мәдениет үйінде жастар жылына орай, "Дін және жастар" тақырыбында жастарменен кездесу өткізді. Қанат Жұмағұлды көпшілікке ауданның бас имамы Нұрлан Әмірбаев таныстырды. Өкілдің бір сағатқа жуық кездесуінде жастарға насихат айтылды.
Сондай-ақ, өкіл имам ауданның орталық мешітінде жұма намазында уағыз айтып, намаз өткізді. Ал құлшылықтан соң қария Бақтияр Сейітқұлұлы бата берді. Ауданға ат артып келген имам аудан орталығында орналасқан қайырымдылық дүкенінде болып, танысып, тұрмысы төмен отбасыларға қайырылымдылық жасады. Ауданның жасы үлкен қариясы Сейітқұл ақсақалға сәлем беріп, отбасында болып, батасын алып қайтты.
Сапар ауыл имамдарымен өткен жиналыста жалғасын тапты. Өкіл имам д дін мамандарын діни басқарманың бағыт бағдарын түсіндіріп, өз істерін адал атқаруға шақырды. Сонымен қатар, Қайрат ауылындағы өткен жылы ашылған жаңа мешітпен танысып және Көтөбе ауылында соғылып жатқан жаңа мешітпен арнайы танысып қайты. Ал кешкісін айлық дастархан басында Жуалы жамағатына уағыз-насихатын айтып, жамағатпен бірге намаз оқыды. Іс-сапары аяқталған Қанат Жұмағұл қариялардан бата алып жолға шықты. Жуалы жұртшылығы дән ризашылығын білдіріп шығарып салды.
Жуалы ауданының баспасөз қызметі.