Дубайда Әл-Хауанидж ауданында Құран паркін ашылды, онда жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер мұсылмандардың қасиетті кітаптарында айтылған ғажайыптар туралы біле алады.
Парк аумағында келушілер Құранда айтылған 54 өсімдікті көре алады. Ол заманауи, озық технологиялармен жабдықталған, «Керемет үңгірлері» бар және оған келушілер Құранның таңғажайып құбылыстарымен таныса алады.
60 гектар аумақта ашық театр, шыны үй, әкімшілік ғимарат, балалар ойын алаңдары, шөлді бақ, пальма оазисі, көл, фонтандар, жүгіру жолы, велосипед және жаяу жолдар орналасқан.
Бұл парк өсімдіктер экологиясы саласындағы мәдени жетістіктерді көрсетеді. Оның мақсаты - діндер мен халықтар арасындағы мәдени байланыстың көпірін қалыптастыру.
asyldin.kz