Сауд Арабиясы билігі Мекке қаласының маңынан қуаттылығы 2,6 гигават болатын алып күн электр стансасын салуды жоспарлайды, деп жазады Saudi Gazette.
Күн электр стансасын тұрғызу туралы келісімді Сауд Арабиясының энергетика, өндіріс және минералды ресурстар министрі Халид аль-Фалих мен Мекке әмірі ханзада Халед аль-Фейсал жасады.
Қуаттылығы 600 мегаватт болатын «Фейсалия» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін биыл ашық тендер жүргізіледі, қуаттылығы 2 гигават болатын екінші кезеңді саудиялық Public Investment Fund серіктестерімен бірлесе орындайды.
Осылайша Сауд Арабиясы қуаттылығы 9,5 гигаватт күн электр стансасын тұрғызу арқылы өзінің мұнайгаз ресурсын үнемдеуді жоспарлайды.
Сондай-ақ, бұған дейін корольдікте алғаш рет қуаттылығы 400 мегаватт алып жел электр стансасы құрылысына тендер өтті.