Өзбекстанның негізгі жолдарына, мешіттердің атауы мен қашықтығын көрсететін белгілер орнатылды. Республика мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, бұл мүминдерге жол бойындағы мешіттерді жылдам табуға көмектеседі.
Елдің барлық жолдарында маңындағы мешіттерге арналған 210 ақпараттық белгіні орнату жоспарланып отыр, оның 117-і қазірдің өзінде орнатылған. Бұл жұмысты наурыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Дегенмен, көрсеткіш өзбек, ағылшын және араб тілдерінде жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, республикада екі мыңнан астам мешіт бар.
asyldin.kz