Моңғолия астанасында жаңа мешіт бой көтерді

Моңғолия астанасында жаңа мешіт бой көтерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында заманауи мешіт бой көтерді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі.

Мешіт «Моңғолия Ислам діні бірлестігі» ұйымының бастамасымен салынды. Оған қажетті қаржыны шетелдегі ислам елдерінің қайырымдылық қорлары бөлген. «Мешітті салудағы мақсат — қазақи ортадан шалғайда өмір сүріп, тіршілік етуші қандастарымызды руxани нәрмен сусындату, жас ұрпақтың бойына имандылық дарыту», — дейді аталмыш ұйым төрағасы Аманкелді Қуанышұлы.

Заманауи үлгідегі діни ғимаратта жамағатпен намаз оқитын, дәріс оқитын бөлмелер, сондай-ақ мәйіт арулайтын, жаназа шығаратын залдар бар. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Ұланбатыр қаласында тұратын қазақтар саны он мыңға жуық. Олардың 6 мыңға жуығы — студенттер. Сонымен қатар, соңғы кезде моңғол ағайындардың арасында ислам дініне бет бұра бастағандары да бар. Бұл да осынау игі істің жүзеге асуына себеп болған. Тоқтала кететін тағы бір жайт, 2006 жылы Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энxбаярдың бастамасымен қасиетті кітаб «Құран кәрім» алғаш рет моңғол тіліне аударылған болатын.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: