Франция мұсылмандары Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте болған терактіні жариялағаны үшін Facebook пен YouTube желілерін сотқа берді.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, сотқа француз мұсылмандар одағы өкілдері шағып түсірген. Олар зорлық-зомбылық сипатындағы мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялау жаңа террористік әрекеттердің белең алуына әкеліп соғатынын айтады.
Еске салсақ, 15 наурыз күні Крайстчерч қаласында екі мешітте теракт болды. Қанды шабуылды 28 жастағы австралиялық Брентон Таррант жасаған. Салдарынан 50 адам көз жұмды. Тағы осынша адам жарақат алды. Террорист қазір сот үкімін күтуде. Оған қылмыс жасау айыбы тағылып отыр.
kazislam.kz