Дағыстан ғалымдары шығыс қолжазбалар мұрағатын жинақтау кезінде Құран мен Інжілдің бірегей көшірмелерін анықтады. Бұл құнды олжа Дағыстан ғылыми орталығының тарих, археология және этнография институтының, Ресей ғылым академиясының мұрағатын сандықтау барысында жасалған.
«Біздің ізгі хабарымыздың грузин тілінде аудармасы бар, бұл 7-ші ғасыр. Көлемді жеті үлкен Құран форматы бар, олар каллиграфиялып жазылған және Иран билеушісі Надир шахтың жеке кітапханасында сақталып, содан кейін дағыстандық билеушілерінің біріне сыйға тартылған - дейді Дағыстан ғылыми орталығының тарих, археология және этнография институтының, Ресей ғылым академиясындағы Шығыс қолжазбалар қорының басшысы Шәміл Шихалиев.
Оның айтуынша, 14 ғасырдың көшірмесі әлемнің ешқандай жинағында жоқ.
asyldin.kz
«(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды». Анкабут сүресі, 45-аят.