"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл мен ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизовтың ұйымдастыруымен "Мұсылманша мал сою тәртібі" атты қасапшыларға арналған семинар өтті. Жиынға Тараз қаласының қасапшылары, дін мамандары қатысты.
Шариғат бойынша мал сою тәртібі, қалай әрекет еткенде, малды қалай сойғанда ол халал болады, малды қорқытпай, үркітпей қалай тыныш хәлге шақыруға болады? Міне, дәл осы сұрақтарға аталған семинарда дәйекті жауаптар біріліп, арнайы бейнематериалдар көрсетілді.
«Анғам» сүресінің 145-аятында Алла Тағала: «Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам»,-деп ескертеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды. Сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар, алдын ала пышақты қайраңдар, жануарды қинамаңдар» - деген. Аят, хадистерде келген нақты мәліметтер бойынша мол мағұлмат берілген семинар қасапшылардың теориялық білімдерін дамыту болған-ды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.