Көзбен зина жасау деген не?

Көзбен зина жасау деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар» (24:31).

Аталмыш аят зинаның адам баласының жынысына қарамастан бәріне бірдей харам болып табылатындығын білдіреді. Сонымен қатар, Алла Тағала бұл аятта ерлер мен әйелдерді зинаға әкеліп соғатын кез-келген әрекеттерден бойларын аулақ салуды бұйырған. Сондай-ақ, осы аяттан адамды зинаға итермелейтін басты себептердің бірі махрам емес жанға құмарта көз тастау болып табылатындығын білеміз. Жоғарыда келтірілген аятта Алла Тағала күллі мұсылмандарға көз жанарларын тыйым салынған дүниелерден сақтауларын бұйырған.

Негізінде, көз тастау зинаға апаратын бірінші қадам болып табылады. Сол себепті көздерімізді тыйым салған дүниелерден сақтауымыз аса маңызды. Кейбір адамдар:  «Бір қарағанда тұрған не бар?» - деп айтып жатады, алайда ақыр аяғында өздерінің үлкен бәлеге жолыққандарын білмей де қалады. Кездейсоқ көз тастау үшін адам баласы жауап бермейді, бірақ қайталап көз тастауға тыйым салынған.

Хадистердің бірінде былай айтылған: «Бірінші қарау – сенен, ал екінші қарау - шайтаннан».

Бөтен ер мен әйелдің бір-біріне қарауы, сондай-ақ, көз қысу сияқты басқа да көзбен берілетін белгілер көз зинасы болып саналады.

Ынтыға көз салу да көз зинсы деп аталады, өйткені мұндай көз тастау зина жасауға әкеліп соғатын басты себептердің бірі болып табылады, алайда көз зинасы шын мәніндегі зина болып табылмайды әрі қиындығы жағынан да тең келмейді.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (5)

Оқи отырыңыз: