Жастар дін тақырыбында мол мағұлмат алды

Жастар дін тақырыбында мол мағұлмат алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданына  қарасты Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде биылғы  Дін және жастар жылына орай жоғарғы сынып оқушылары арасында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Терроризмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу кездесудің басты мақсаты болып отыр.

Ауданың бас имамы  Сұлтаншәріп қажы Джадраев сөз кезегінде Қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінің бірінде: "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі" деп ұлағатты сөз айтып кеткен болатын. Бұл - бізге, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды" - деп атап өтті.

 Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: