Күйеуіңіз үйде болмаған кезде…

Күйеуіңіз үйде болмаған кезде…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хатими деген тақуа кісінің әйелі де иманды, ақылды екен. Бір күні отағасы ұзақ сапарға кетіп бара жатып әйеліне:

– Мен ұзақ жолға кетіп барам, үйде 4 ай болмаймын. Саған күніңді көру үшін қанша ақша тастап кетейін? – деп сұрайды. Әйелі:

– Менің өмірім қаншалықты ұзақ болса, сонша, – дейді.

– Сенің қанша өмір сүретінің маған мәлім емес қой, – деп таңданады Хатими. Әйелі:

– Олай болса, менің ризығым да сенің құзырыңда деп кім айтты? – дейді.

Отағасы кеткен соң бір көршісі әйелден:

– Күйеуің біраз уақытқа кетті. Сенің ас-суыңа қанша ақша беріп кетті? – деп сұрайды.

Сонда әйел:

– Күйеуімнің өзі де дәл мендей ішіп-жемімізді Берушіге мұқтаж. Бірақ, Аллаға шүкір, Жаратушымыз ризықты барлық адамға береді. Сондықтан менің ризығым әрқашан жанымда, – деп жауап береді.

Иә, адамның қанша өмір сүретіні бір Аллаға мәлім болғаны сияқты, оның ризық-несібесін беруші де – Бір Алла ғана.

Әйел адам күйеуі үйінде болмаған кезде (іссапар, жұмыс бабымен кеткенде т.б жағдайларда) үйіне, балаларына бас-көз болып, қалдырып кеткен ас-суын қанағат тұтып, соны күйеуі келгенше жеткізіп, дүние-мүлкін сақтап, жар төсегін таза ұстап, жұбайының аман-есен оралуын тілеп отырғаны жөн.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: