Өкіл имам арнайы бағыттағы дін мамандарымен жүздесті

Өкіл имам арнайы бағыттағы дін мамандарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде имамдар жиналысы өтті. Бұл жиынға түрмеде кездесулер мен дәрістер жүргізетін дін мамандары және жат ағыммен күрес бағытында жұмыс жасап жүрген дін қызметкерлері қатысты.

Аталған жауапкершілікті алып жүру бұл мамандарға оңай соғатын жайт емес. Түрлі психологиядағы адамдармен тілдесіп, темір тордың ар жағындағы азаматтарға дұрыс бағытты сілтеу – үлкен жұмыс. Сол себепті, мамандар жұмысы бақылауда әрі арнайы жоспар бойынша тәртіппен жүргізіліп келеді. Айта кету керек, бұл бағытта жетіп жатқан жетістіктер де жоқ емес. Бұрыс жолға түскендерді ата дініміз исламды дұрыс ұстануға шақыруда осы жиынға келген имамдардың еңбегі бар.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл дін мамандарымен жүздесіп, танысып, жұмыс барысын талқыласты. Облыстағы жат ағымның алдын алу бағытына жауапты «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амреев жүргізіліп жатқан шараларды баяндап, имамдардың пікірі тыңдалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: