Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының басшылығымен, «Һибатулла Тарази» мешіті сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек жасалды.
Қайырымдылық іс-шарасында 6 отбасыға азық-түлік таратылды. Аталған қажеттіліктерді мешіт ұстаздары Гүлжан Алдасаева мен Лаззат Маханбетова үлестірді.
«Жақсылықтан жан жылуы тарайды» демекші көмек алған аналар алғыстарын жеткізіп жатты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

