КМДБ әйел-кыздар секторы Тараз калалық «Кеңесхан қажы» мешітінде, мешіт шәкірттері көктемнің келуіне орай сенбілік өткізді. Алланың үйін тазалау,тіпті шаңын болса да сүрту - мол сауапқа кенелу.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» - дейді атам қазақ. Шәкірттер мейірімділікпен, бірлікпен мешітті тазалап болған соң, дастарханда бас қосты. Біреуі ана болса, біреуі әже, ал біреулері сүйікті жар, сонымен қатар, аялап өсіріп отырған қыздары да бар. Барлығы дастархан басында бір-біріне жақсы тілектер айтты.
Ұйымдастырушы мешіт ұстазы Жібек Қолағұлова «Ілім айтудың пайдасы туралы» уағыз айта отырды. Мешіттегі осындай жамағаттарымыз үзілмей, бұлақша ағылсын дейміз. Амин.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі