“... Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле” [17:23].
Біздің ата-анамыз сый-құрметке лайық жандар. Ата-ананы қадірлемеу — Алла Тағалаға қарсы келу. Кімде-кім ата-анасына дөрекі қарым-қатынас жасайтын болса, күндердің күнінде сол адамның өзіне де сондай қарым-қатынас жасалатын болады. Қасиетті Құранда Алла Тағала бізге мынадай ескерту жасаған: “Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де. Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды” [17:23-25].
Пайғамбарымыз (ﷺ) да ата-анаға деген жақсы қарым-қатынастың маңыздылығын айтып кеткен: “Қайғы жұтсын, қайғы жұтсын, қайғы жұтсын. Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Ала Елшісі, кім және не үшін қайғы жұтуы керек?» - деп сұрайды. – Адамның қарт ата-анасы бола тұра, бірақ әлгі адам Жұмаққа кіре алмайтындығы үшін қайғы жұтсын, - деген екен Пайғамбарымыз (ﷺ)” [Мүслим, Бирр,9].
Сондай-ақ, мынадай хадистер де бар:
“ Алланың разылығы - ата-ана разылығында. Алланың ашуы – ата-ананың ашуында” [Тирмизи, Бирр, 3].
“Жұмақ – анаңның аяғының астында” [Насаи, Джихад, 6].
«Ата-анаға құрмет көрсету намаз оқығаннан да, ораза тұтқаннан да, қажылық және ұмра жасағаннан да және Алла жолында жиһад еткеннен де абзал».
asyldin.kz