21. «Адамдарды көптеп Жұмаққа апаратын нәрсе – тақуалық пен көркем мінез» (Хаким).
22. «Адам қайтыс болғанда оның барлық амалдары тоқтатылады, тек үшеуінен басқасы. Олар: үздіксіз садақа, өзге адамдар пайдалана алатын ілім және ол үшін Аллаға дұға жасайтын тақуа бала» (Ибн Хиббан).
23. «Әл-Харам, Мәсжид-ән-Набауи және әл-Ақса мешітінен басқа мешітке құлшылық ету үшін жолға шықпаңдар» (Ахмад).
24. «Әйелдің мешіті – оның үйі» (Байхаки).
25. «Еркектердің көбі кемеліне жетті, ал әйелдерден мінсіз болғандар тек 4. Олар — Имранның қызы Мәриәм, Музахимнің қызы әрі Перғауынның әйелі Әсия, Хувайлидтің қызы әрі тақуалардың анасы Хадиша, Алла Елшісінің қызы Фатима Захра» (Ахмад).
26. «Күндердің ең жақсысы – жұма. Осы күні Алла Адам Атаны (ғ.с.)жаратқан. Осы күні Жұмаққа кіргізіліп, осы күні Жұмақтан қуылған және де Қиямет күні жұма күні болады» (Мүслим).
27. «Ең жақсы дін – жеңіл дін!» (Ахмад).
28. «Сап түзеп, иықтарыңды түйістіріп тұрыңдар, бос жер қалмасын, бауырларыңыздың қолдарына абай болыңыздар да шайтанға орын қалдырмаңыздар!» (Әбу Дәуд).
29. «Сендердің жақсыларың өз отбасына ең жақсы қарайтындарың» (Тирмизи).
30. «Асылында, Алла аз да болса ұдайы жасалып тұратын діни істерді жақсы көреді» (Бұхари, Мүслим).
31. «Алланың ең сүйікті есімдері – Абдулла және Абдурахман» (Әбу Ягля).
32. «Ең жақсы амал — уақыты кіре сала оқылатын намаз» (Бұхари, Мүслим).
33. «Сенің тілің Алла Тағаланы еске алудан құрғамасын» (Ибн Хиббан).
34. «Кім Құран оқудың шебері болып, (оны әдемілеп) оқыса, ол абыройлы және ізгі жазушылармен (періштелер) бірге болады, ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Мүслим).
35. "Сендердің билеушілеріңнің жақсыларын сендер жақсы көретін боласыңдар, олар сендерді жақсы көретін болады; олар үшін Аллаға дұға жасайсыңдар және олар да сендер үшін Аллаға дұға жасайтын болады.
Ал сендердің билеушілеріңнің жамандарын сендер жек көретін боласыңдар, олар да сендерді жек көретін болады; оларға лағынет айтатын боласыңдар әрі олар да сендерге лағынет айтатын болады " (Муслим).
36. «Қадірлі адамдар – қарызды лайықты түрде қайтаратындар» (Мүслим).
37. «Қан шығаруда сіздер үшін хайыр бар» (Хаким).
38. «Киімдеріңнен ақ киімдеріңді киіңдер, өйткені ақ киім жақсы болып табылады әрі қайтыс болғандарыңды ақ матаға ораңдар» (Тирмизи).
39. «Алланың ең сүйікті сөздері Өзінің періштелері үшін таңдап алған сөздері: «Менің Раббым Пәк, Оған мадақтар болсын, Менің Раббым Пәк, Оған мадақтар болсын, Менің Раббым Пәк, Оған мадақтар болсын» (Субхана раббия уа бихамдихи)» (Тирмизи).
40. «Қан шығарудың жақсы күндері айдың он жетінші, он тоғызыншы және жиырма бірінші жұлдыздары. Мені көкке көтерген түні маған: «Уа, Мұхаммед, саған қан шығару керек», - деп айтпаған періштелер қауымы қалмады» (Ахмад).
asyldin.kz