Бай мен кедейдің дауы

Бай мен кедейдің дауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні бір бай базарда ішінде тұп-тура 800 алтыны бар дорбасын жоғалтып алады. Өзі іздеп таппаған соң «кім менің дорбамды тауып берсе, 100 алтын беремін» дейді.

Бір кезде бір кедей етікші дорбаны тауып алғанын айтып әкеліп береді. Ашкөз бай ақшасының табылғанына қуанғанымен, әлгі 100 алтынды бергісі келмей қалады да етікші байғұсты: «Дорбамда 100 алтын жетпейді, сен алдың» деп жазғырады. Ешқашан ешкімнің ақысын жеп көрмеген кедей қанша ақталса да сенбейді. Дауласып ақыры қазыға келеді. Қазы екеуінің де уәжін тыңдап алып жағдайды бірден түсінеді де байдан:

– Сенің дорбаңда 900 алтын болды ма? – деп сұрайды. Бай:

– Иә, дәл солай, – дейді. Кедейге қарап:

– Ал сенің 800 алтын тауып алғаның рас па? – дейді.

– Рас, – дейді етікші.Сонда қазы:

– Мен екеуіңе де сенемін. Онда 800 алтыны бар бұл дорбаны басқа біреу жоғалтқан екен. Сен өз дорбаңды тағы іздеп көр. Ал бұл дорбаны тауып алған мына етікші алсын, – деп кедейге береді. Осылайша, бай өзінің ашкөздігінің кесірінен алтынынан айырылып қалады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: