ЖҰМАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

ЖҰМАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Шу қалалық «Жәми» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Бұл шара «Жәми» мешітінің әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен жұма намазының уақытында өткізілді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты, Шу қаласындағы тұрмыстық жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық қолын созу еді. Жұма күнгі жәрмеңкеден түскен қаражатты Шу қаласының тұрғындары көпбалалы екі отбасыға қаржылай көмек ретінде берілді.

Мешіттің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы игі шараны ұйымдастырып атсалысқан «Жәми» мешітінде білім алып жатқан сауат ашу курсының шәкірттеріне, сондай-ақ, ақжаулықты аналарымызға алғысын жеткізді.

Алдағы уақытта да қалада бастау алған сауабы мол игі шара бұдан әрі  жалғасын таппақ.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: