«Болашақ – жастардың қолында» - дейді Елбасымыз. Ал, ертеңімізді жарқын ететін жастар білімді де білікті, алғыр, жауапкершілікті болуы керек-ті. Тәуелсіздік таңы атып, ата дініміз бостандығын алғалы дін саласы еліміздегі маңызды факторлардың бірі болып тұр. Осы бағытта жұмыс жасап отырған «Һибатулла Тарази» медресесі республикадағы ауыз толтырып айтарлық оқу орны.
Бүгін осы білім ордасының шәкірттерімен облыстың өкіл имамы, медресенің жаңа директоры Қанат Жұмағұл кездесу өткізді. Жиынға медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы және ұстаздар құрамы қатысты.
Студенттермен танысып, діни білімнің маңызы жайлы тілге тиек еткен имам жастардың пікірлерін тыңдап, қызықты, белсенді сұхбат жиын жасады. Сондай-ақ, оқу үлгерім мен тәртіпке қоятын талаптарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.