Қажылықтағы жазалар қай жерде және қашан өтеледі?

Қажылықтағы жазалар қай жерде және қашан өтеледі?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылықта және умрада істелген кемшіліктердің жазасын өтеу үшін белгілі бір уақыт белгіленбеген. Бірақ Харам аумағы: Өсімдіктерінің жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.

Қажылықтағы немесе умрадағы қателердің орнын толтыру үшін ертерек өтеген дұрыс әрі абзал. Мойнына қарыз болған жазаларды өтеместен бұл дүниемен қош айтысып кетсе, күнәкар болатынын да ескерте кетейік. Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында қалған туысқандарына өтеулерін өсиет етуі тиіс.

Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын малдар міндетті түрде Харам аумағында шалынуы тиіс. Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға бола- тыны сияқты, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге болады.

Садақа, құнын төлеу және ораза ұстау сияқты жазалар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл жазаларды қалаған жерде өтейді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: