Қажылықта Құрбан айттың бірінші күні (зилхижжаның 10-ыншы күні) не істейміз?

Қажылықта Құрбан айттың бірінші күні (зилхижжаның 10-ыншы күні) не істейміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады.Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жа- салады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады.

Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты: ْ ِبِه { َ ِ حز ْ َط ِان و ً ا لِ َّ لشي َ ْغم ُ ر ر َ ِ , أ ُهلل ْ أكب ِ هلَّ ال ْ م ِ}بس «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш- шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Алланың атымен! Алла ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады.

Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез-келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады.

Ифрад қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) тас лақтырғаннан кейін, ал, тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушылар құрбандарын шалған соң, шаштарын алғызып немесе қысқартып ихрамнан шығады. Ихрамда харам болған нәрселердің бәрі қайтадан халал болады. Тек қана әйелдерімен барғандар зиярат тауабын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды. Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып зиярат тауабы жасалады.

Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауап- ты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын ихрам матасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Риданы бұлай орауды «Изтиба» дейді.

Әйелдер изтиба істемейді. Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет және менен қабыл ал» – деп ниет етеп, Рукнул-Йәмани жағынан қара тастың алдына барады. Мүмкіндік болса, тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі.

Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың басталатын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтың тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтың яғни, қара тастың дәл қарсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тау- апты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа сәлем береді. Барлық айналымдарда Рукнул-Йәмәни.

 Қажылық мен Рукнул-хажарул-әсуәдтің арасында мына дұға оқылады: َ َّارِ. و َ َذاب الن َا ع َ ِ قن ًَة و َ ن حس ِة َ َ َ ِ ف ِ ي اآلخر ًَة و َ ن ا حس َ َ ْي ُّ ي الدن َ ِ ا ف َ ِ ا آتن ن َّ ب َ }ر َالَ ِم َ ين{ َ َّب ْ الع َا ر ُ, ي َ َ ا غَّفار َ ِز ُيز ي َا ع َارِ, ي ْر َ األب َع ََّة م َ ْاال َجن ْ ِخْلن أد «Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил- әәхирати хасәна, уа қина а’азабән-нар. Уа адхилнал- жәнната ма’ал-абрар, Иа А’азизу иа Ғаффар. Иа раббал-а’аламин».

Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге жәннатқа кіргіз. Уа, А’азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл әлемнің Раббысы» Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі- жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бұлай істеуге «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу – сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына зиян келтірмейді.

Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зәмзәм суын ішеді. Егер арафа күнінен бұрын қажылық сағиі жасалмаған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады.

Зиярат тауабының құрбан айттың үшінші күні ақшам уақытына дейін жасалуы Имам Әбу Ханифа бойынша – уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша – сүннет. Жалпы Ханафи мәзһабында бұл тауапты құрбан айттың бірінші күні жасау – абзал. Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шайтанға тас лақтыру күндерінің түндерін сол жерде өткізу Ханафи мәзһабында – сүннет, ал басқа мәзһабтарда – уәжіп.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: