Ең маңызды нәрсені ұмытқан жігіт…

Ең маңызды нәрсені ұмытқан жігіт…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оқуын жаңа бітірген баласы әкесіне:

– Әке, қуана беріңіз, Университетке түстім! – дейді қуанып.

– Ә, жақсы болған екен. Содан соң не істемексің? – дейді әкесі.

– Бес жылдан соң диплом алам, жұмысқа орналасам.

– Содан соң не істейсің?

– Мықты адвокат болам.

– Сосын?

– Сосын… үйленіп, балалы-шағалы болам. Балаларыма жақсы тәрбие беріп, оларды да жақсы оқытам.

– Одан соң?

– Содан соң… деп ойланып қалды жігіт. Ол уақытта қартайып та қалатын шығармын. Бұл өмірде кім жас болып қалар дейсіз, әке?

– Иә, дұрыс… Әкесі «содан соң не болады» деп баласына көңілі толмаған кейіппен іштей күбірлеп отырады. Мұны түсінген жігіт:

– Мен ең негізгісін ұмыт қалдырыппын, әке! Осы күнге жеткізген сізге алғыс айтамын. Маған жақсы тәрбие беріп, өсіріп-өндіргеніңіз үшін сізге ризамын, – деп әкесін құшақтай алды…

Иә, расында адам баласының өсіп-өнуі, жетістікке жетуі, өмірде өз орнын табуы әуелі Алланың, содан соң ата-анасының арқасы емес пе? Сондықтан Аллаға шүкіршілік етіп, ата-анамызға алғыс айтуды ұмытпайық.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: