16 ақпанда Канаданың Британская Колумбия аймағында мешіттердің ашық есік күні өтеді.
Британская Колумбия мешіттерінің Ашық есік күні бағдарламасын үйлестірушісі Аднана Акиляның айтуына қарағанда, шараның мақсаты Ислам және мұсылмандар туралы қалыптасқан соқыр нанымдар және қате пікірлермен күресу.
Ванкувер, Ричмонд, Суррей, Бернаби, Виктория, Эбботсфорд, Камлупс пен Принс-Джорджде орналасқан мешіттер аталмыш Ашық есік күні бағдарламасына енгізілген.
Бұл қалалардағы мешіттердің меймандарына ислам мәдениетіне арналған көрмелер көрсетіліп, сондай-ақ, хижабтар мен тақияларды киіп көруге рұқсат етіледі, хнамен қолдарына суреттер салынады әрі шығыс тәттілерінен дәм татқыздыртады.
Акиляның айтуынша, мешіттерге келу үшін ерекше киініп келудің қажеті жоқ, бастарына орамал байлау, байламау да меймандардың өз еркінде.
«Бұл мұсылмандар мен мұсылмандар еместердің арасындағы алшақтықты жоюдың әрі екі жақ бір-бірін барынша жақсы түсінісудің бір мүмкіндігі», - деп атап өткен мұсылман белсендісі Аднана Акиля.
asyldin.kz
«Көктен белгілі мөлшерде жауын жаудыратын да бір Өзі. Нәтижеде, Біз сол жауынның суымен өлі елді-мекенге қайтадан жан бітіреміз. Міне, сендер де дәл солай қайта тірілген күйде қабірлеріңнен шығарыласыңдар.» (Зухруф сүресі, 11).