Сауд Арабия мен БАӘ бірлесіп криптовалюта әзірлеуге келісті. «The National» баспасының мәлімдеуінше, тиісті келісімге 20 қаңтарда қол қойылған.
Криптовалютаны әзірлеуге екі елдің орталық банктері мен бірқатар коммерциялық қаржы ұйымдары қатысады.
Эксперименттік кезеңде сарапшылар ақша-несие саясатына крмптовалютаның қалай әсер ететінін зерттейтін болады.
Келешекте бірлесіп шығаратын криптовалюта трансшекаралық төлемдерді жеңілдетеді деп жоспарлануда.
Айта кету керек, Ресейде төлем құралы ретінде криптовалютаны қолдану мүмкін емес, алайда оны пайдалануға шек қойылмаған.