Аталмыш көне ғибадатхананы қытайлық сәулеткер Хон Пике салған болатын. Жаркент мешіті 19-шы ғасырда салынған құрылыс, ол ортаазиялық және қытай сәулет өнерінің мәтінінде салынған.
Намаз оқитын негізгі залға бір мезгілде шамамен 1000 адам сыяды. Мешіттің жалпы көлемі - 28×54 м, биіктігі - 14,5 м, мұнараның биіктігі - 19 м.
Мұнараны қоршай 52 бағана тұрғызылған. Ғибадатхананың іші мен сырты ағаштан нақышталып безендірілген. Мешіт қабырғалары қырлы бөренелерден жасалып, ал төбесі қаңылтырмен жабылған. Ең бір қызығы, бұл мешіт бір шегесіз салынған!
Қазіргі таңда аталмыш кешен қаланың басты көркі болып табылады. Мешіттен басқа әртүрлі жәдігерлер қойылған мұражай да бар.
asyldin.kz
«Сондай-ақ Ол – сендерді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан Алла. (...) Біз расында да, ақиқатты терең һәм кеңінен түсінгісі келетін қауым үшін айқын дәлелдерімізді осылайша егжей-тегжейлі келтірдік һәм аяттарымызды да дәл солай тарқатып баяндадық.» (Әнғам сүресі, 98).