Құранды түсінбей тыңдаған адамға сауап жазылады ма?

Құранды түсінбей тыңдаған адамға сауап жазылады ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сөзсіз, тіпті, оның мағынасын түсінбеген күннің өзінде Ұлы Жаратушының кітабін тыңдағаны үшін адамға шексіз сауаптар бар. Себебі, Құран ол Ұлы Жаратушының сөзі, сондықтан, оны тыңдаудың өзі ғибадат пен құлшылыққа жатады. Әрине, адам Құранды тыңдап қана қоймай, оның сөздерін түсініп, терең ойға салынып, ойланып, өзіне сабақ алса сауабы көп болады. Бірақ, түсінбей тыңдағанының өзі- сауабты іске жатады, әрбір мұсылман ұмытпауы қажет.

 Көптеген аяттарда Құранды тыңдау керектігі жайында айтылған, және де оны тыңдаған адам, шынайы Алланың құлы болып есептелетін жайлы, Аллаһ Тағала былай дейді:

 وَإِذَا سَمِعُوا مَا أُنْزِلَ إِلَى الرَّسُولِ تَرَى أَعْيُنَهُمْ تَفِيضُ مِنَ الدَّمْعِ مِمَّا عَرَفُوا مِنَ الْحَقِّ يَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِدِينَ Мəйда 5:83

 “Олар Пайғамбарға түсірілген Құранды тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куə болушылырдан жаза көр!” ,– дейді.

Басқа бір аятта Ұлы Жаратушы ерекше қамқорлық пен мейрімділікті уәде етеді, оны оқығанда кімде-кім үнсіз ықыласпен Құран Кәрімді тыңдаса:

 وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ (Ағраф сүресі, 7/204)

Құран оқылып жатқанда тыңдаңдар және тыныштық сақтаңдар – мүмкін сендерге рақымшылық жасар. Пайғамбарымыз да(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды тыңдауға шақыратын. Ол үнемі сахабалар оқыған Құран аяттарын тыңдайтын. Әбу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: Кімде-кім Құранның бір аятын ден қойып тыңдаса, оған бір сауапты іс жазылады, ол міндетті түрде арттырылады. Ал кімде-кім Құранды дауыстап оқитын болса, Ақырет күні ол нұрға бөленеді. (Ахмад. Муснад. – № 3138)

Бұның бәрі, Құранды тыңдау сауапты істердің бірі екеніне анық дәлел. Құранды тыңдауды жалғастыра беріңіз және оны ден қойып, барлық әдебін сақтап, тыныштық сақтап тыңдауға тырысыңыз. Сондай-ақ, Құранды өзіңіз оқып, қайталау маңызды: бұған күнделікті мән беріңіз. 
Алла Тағала жақсырақ білуші.

Толығырақ: http://www.darulahnaf.com/2018/10/blog-post_8.html

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: