Тек мүмінге тән 4 қасиет

Тек мүмінге тән 4 қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Факих өз иснадымен Әбу Сағид Худриден келесіні келтірген: «Бір күні бір адам біздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп: «Маған ақыл беріңіз», - дейді. Сонда Алла Елшісі (ﷺ) оған: «Сен үшін тақуалық міндетті болсын, өйткені тақуалық әрбір игі істі өзіне жинап жүреді», - деп айтады. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтады: «Сен үшін Алланы еске алу мен Құран оқу міндетті болсын, Алланы еске алу жердегі сенің нұрың болса, көктегі сенің зікірің болады. Тіліңе абай бол, тек жақсы сөздерді ғана айт. Тіліңді жаман сөздерден сақтау арқылы ғана сен шайтанды жеңе аласың».

Факих былай айтқан: «Сен үшін тақуалық міндетті болсын» деген сөз мынаны білдіреді: Алланың тыйғандарынан тыйылып, бұйырғандарын орындау — тақуалық болып табылады. Егер адам осының бәрін жасаса, асылында, ол күллі игілікті жинайды. «Тіліңе абай бол» дегені келесіні білдіреді: тек жақсы нәрсе айт немесе үндеме, аман боласың, өйткені амандық — үнсіздікте. Біліп қой, адам шайтанды үнсіздікпен ғана жеңе алады. Шайтаннан сақтану үшін, адам тіліне абай болу керек, сонда Алла Тағала оның күнәсін жасырып қояды».

Факих өз иснадымен Хашим бин Ғұмардың былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім өз құлын ұрып жіберсе, оның кінәсінің өтелуі — құлына бостандық беру болып табылады. Кімде-кім тіліне ие болса немесе тіліне абай болса, Алла оның күнәсін жасырады. Кімде-кім ашуын тыя алса, Алла оны Өз жазасынан сақтайды. Кімде-кім Алладан кешірім сұраса, Алла оның кешірімін қабыл етеді».

Факих өз иснадымен Әбу Хурайрадан (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) расында келесіні айтқанын келтірген: «Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, сол өз көршісіне құрмет етсін, қонағын жақсы күтсін және тек жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін».

Факих өз иснадымен Ягьляның былай айтқанын келтірген: «Біз Мұхаммед бин Сауканың үйіне кірдік.  Мұхаммед: «Сендерге хадис айтып берейін бе? Мүмкін ол сендерге пайда әкелер, расында, ол маған пайда берді. Гата бин Әбу Рабах бізге былай деген: «Уа, менің бауырымның ұлы, асылында, сендерге дейін өмір сүрген адамдар Алла Тағала Кітабының сөздерінен басқа сөздердің бәрін қажет емес, бос сөз деп санаған. Олар Құран оқумен айналысып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйып отырған, сондай-ақ, өмірге қажетті әңгімелерді ғана айтқан». Содан кейін Мұхаммед: «Алланың сөздерін жоққа шығармайсыңдар ма?: «Асылында,  сендердің сол және оң жақтарыңда Кирамин Катибин деген періштелер бар (бұл жерде адамның жасаған жақсы, жаман амалдарын жазып отыратын Ракиб пен Атид — екі періште айтылып отыр)». Олар сендердің ауыздарыңнан шыққан әрбір сөзді сақтап, әрбір сөзді жазып отырады».

Факих өз иснадымен Анас бин Маликтен (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқандығын келтірген: «Төрт нәрсеге тек мүмін ғана ие. Олар: бірінші құлшылық болып табылатын  - үнсіздік, ибалылық, Алла Тағаланы еске алу және жамандықтың аздығы». Бұл сөздер Мәриәм ұлы Ғисамен (ғ.с.) де айтылған болатын.

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: