Тараз қаласындағы «Ар-Рахман – Ар-Рахим мешітінде «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ–нің оңалту бөлімінің инспекторы Мадина Садықтың ұйымдастырумен Қазақстанда заңмен тыйым салынған ағым «Таблиғи Жамағат» ұйымы жайлы мешіттің әйелдер жамағаты мен шәкірттеріне түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сабақ барысында бұл ұйымның шығу тарихы, елге тигізер зияны туралы түсіндірілді. «Таблиғи жамағат» ұйымы туралы видеороликтер көрсетілді. Тыңдаушылар сұрақтарын қойып ұтымды жауаптар алды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі