Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында хадистерді жатқа оқудан, «Хадис – асыл мұрам» атты жарыс өткізілді. Іс-шара Құран оқумен басталып, мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек сөз сөйлеп, ата-аналар мен қатысушыларға алғысын айтты.
Жарыста 13 қыз шәкірттер қазақ және орыс тілдерінде 40 хадистен сынға түсті.
Сонымен қатар, садақа мен қажылық жайлы көріністер көрсетіліп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббат туралы уағыз айтылды.
Жарысты әділ қазылар, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары Алдасаева Гүлжан мен Махамбетова Ләззат, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары Мирзаева Санталат пен Қолағұлова Жібек бағалап, жүлделі 4 орын анықталды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, қонақтар мен қатысушылар дастарханға отырды. Ақ жаулықты әжелеріміз қызықты әңгімелер айтып, ақ батасын берді.
Іс-шараны ұйымдастырушы мешіт ұстазы мен Алматы облысындағы «Үш қоңыр» медресесінің білімгерлері.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі