Салты мен дәстүрі ислам дініне негізделген халқымыз үшін шариғи заңдылықтар және оны білу, білгендерін дамыту маңызды дүние.
Осы мақсатта дін мамандары қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Имамдар діни сайттар, газет-журналдар, радио-телеарналардан да көрініп, бұқараның сан сауалына жауап беруде.
Ал, бүгін "JAMBYL" телеарнасы "Иман айнасы" бағдарламасында "Исламдағы түстің қыр-сыры" тақырыбы қозғалды. Аталған түсірілімге арнайы шақыртумен "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев қатысып қайтты.
Маман түстің түрлері, шариғаттағы үкімі, мән-маңызы жайлы сүбелі сөз айтты. Тілші тарапынан қойылған "Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түс жорыған ба?" сынды сауалдарға мардымды жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.