Құлақ пен мұрынды тесу жайында Ислам не айтады?

Құлақ пен мұрынды тесу жайында Ислам не айтады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Балалық шағымда анам менің құлағымды тесіп, сырға салып берген болатын. Ал енді заманауи жастардың тең жартысы танауларына пирсинг жасатуда, мен де олардан қалысқым келмейді, алайда менің анам қарсы, оның айтуынша, танауды тесуге болмайды. Ал бұл жөнінде асыл дініміз ислам не айтады екен, соны білгім келеді.

Бұл мәселе жөнінде келесіні айтамыз: құлақтың сырғалығын екі немесе одан көп тесуге бірауыздан тыйым салынған. Ал екі құлақтың сырғалықтарын бір-бірден тесу жайында ғалымдардың пікірлері әртүрлі.

Имам аш-Шафиғидің мәзһәбына сай мұрынды тесу еркектерге де, қыз-келіншектерге де тыйым салынған, ал ұлдарға құлақты тесуге тыйым салынса, ал қыздарға әдемілік үшін құлақтарын тесуге рұқсат етілген.

Бұл мәселеге қатысты имам ибн Хажар әл-Хайтами «Тухфат аль-мухтадж» кітабында былай жазған:

ويظهر في خرق الأنف بحلقة تعمل فيه من فضة أو ذهب أنه حرام مطلقا؛ لأنه لا زينة في ذلك يغتفر لأجلها إلا عند فرقة قليلة ولا عبرة بها مع العرف العام بخلاف ما في الآذان فإنه زينة للنساء في كل محل

«Күмістен не алтыннан жүзік өткізу үшін мұрынды тесуге үзілді-кесілді тыйым салынғандығы түсінікті, өйткені танауды тесу - жанды қинап әдемілік жасау себебін ақтай алмайды. Мұндай дәстүр саны аз тайпалардың өкілдерінде сақталған, бұл ұғым қыз-келіншектер үшін кеңінен таралған әдемілік болып табылып, құлаққа тағылатын әшекейден бөлек» (Тухфат әл-мухтадж. 9 т., 195 бетін қараңыз).

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

1. Төрт мәзһәб ғалымдарының басым көпшілігі мұрынды тесуге тыйым салады, ал қыздарға әдемілеу мақсатында құлақтарын тесуге рұқсат берген.

2. Сондай-ақ, әдемілік үшін дененің әлдебір мүшесіне пирсинг жасауға рұқсат етілмейді, өйткені дін турасынан алып қарағанда мұнда орынды әдемілік жоқ, тек барлық халықтарда қолданатын құлақ сырғалығын тесуден басқа.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: