Дегенмен, Жұмақта қай тілде тілдесетін боламыз деген сауал көпшілігіміздің басымызға кіріп те шықпайтыны өтірік емес. Алайда мәңгілік өмірде адамдардың қай тілде тілдесетінін білген жөн болар. Әрбір халық ақиретте қолданыста болатын тіл тек өзінің тілі болғанын қалайтын да шығар...
Дегенмен, келесі хадисте былай келтірілген:
"Араб тілін жақсы көріңіздер, өйткені ол негізгі үш нәрседен тұрады.
1) Араб ұлтынан болған Пайғамбарымыз (ﷺ).
2) Араб тілінде түсірілген Құран.
3) Араб тілінде тілдесетін Жұмақ" (Ат-Табари).
Бұл хадистен көріп отырғанымыздай, Жұмақта қолданыста болатын тіл – араб тілі, алайда Жұмақтың жаратылысы сондай, онда бәрі түсінікті. Араб тілінде сөйлесу арқылы Жұмақ мекендеушілері бір-бірлерін түсінетін болады.
Осы арада айта кету керек, бұл дүниеде араб тілінде сөйлей алмау, ақирет әлемінде тілдесуге кедергі келтірмейтін болады. Ақиреттегі дүниелер баянсыз өмір дүниелеріне тәуелді емес.
Мысалы үшін, бұл дүниеде әр түрлі тілде сөйлей алу үшін біз ұзақ уақыт оқуымыз керек. Ал ақиретте, Алла Тағаланың қалауымен, адам баласы көзді ашып-жұмғанша араб тілін үйреніп, әп-сәтте араб тілінде емін-еркін сөйлей алатын болады, өйткені Құдіреті күшті Аллаға мүмкін емес нәрсе жоқ екенін есімізден шығармайық.
asyldin.kz