Ислам бойынша қабір үстіне құлпытас қоюға бола ма?

Ислам бойынша қабір үстіне құлпытас қоюға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда кейбір адамдар қабір үстіне қойылатын құлпытастың биіктігі бір қарыстан аспау керек деп бұрын қойылған құлпытастарды сындырып, бұзуда. Адамдардың осы әрекеттері дұрыс па?

Кезінде Алла Елшісінің (ﷺ) сүттес бауыры Осман бину Маз‘ун қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабалардың біріне қабірдің басына қоятын бір тасты алып келуді бұйырады, бірақ тасты әлгі сахаба көтере алмаған соң, Пайғамбарымыздың өзі (ﷺ) жеңін түріп алып, тасты көтеріп әкеліп қабірдің үстіне қояды да: «Осы тас арқылы мен бауырымның қабірін білетін боламын әрі туыстарымды оның қасына жерлейтін боламын», - деп айтады. Бұл хадисті Әбу Дәуд келтірген.

Имам Бұхари келтірген хадисте былай айтылған: «Осман-асхаб халиф болғанда біз жас болатынбыз. Арамыздағы ең биік секіретініміз ғана Осман бину Маз‘унның қабірінің үстінен секіре алатын». Бұл хадистен жақын адамдарымыздың қайда жерленгенін білу үшін бір қарыстан үлкен тас қоюға болатындығын білеміз («Рудуд дун ‘ала шубухати салафияти» кітабының 171 бетін қараңыздар).

Шүбәсіз, қабірдің басына шектен шыға безендірілген немесе мәрмәр тастан жасалған құлпытастарды қою ысырап болып табылады.

Қазіргі таңда қабірстан жаққа көзіңіз түсіп кетсе - небір мазарларды, небір көздің жауын алар тастармен безендіріліп жасалған құлпытастарды көріп, қабірде жатқан жандардың бәрі бір ханның тұқымынан емес пе екен деген сауал еріксіз ойымызға орала кететіні өтірік емес. Осыншама дүниені сарп етіп, қыруар қаражат жұмсап марқұмның басына күмбез орнатқанша – бұл қаражатты Алла ұнатар: жоқ-жітікке көмектесу, мұқтаж жандардың қажеттіліктерін өтеу, садақа беру сияқты жақсы амалдарға жұмсау арқылы сауабын Алла Тағала қайтыс болған марқұмға жаза гөр деп дұға тілегеніміз абзал емес пе? Марқұмның қабірін «әшекейлейміз» деп жүріп, ысырап деген күнәні арқалап алудан аулақ болайық, ағайын. 

Дайындаған: Ақерке Сыдықова

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: