Күйеуіме ренжіп, сөйлемей қойдым. Мұным дұрыс па?

Күйеуіме ренжіп, сөйлемей қойдым. Мұным дұрыс па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйел заты жаны нәзік болған соң болмашы нәрселерге ренжігіш, өкпелегіш келеді. Күйеуіне ренжи қалса қабағын түйіп, сөйлемей, тіпті тамағын жасап бермей қоятын әйелдер де бар. Бұл олардың күйеуін «жазалағаны» (өздерінің ойынша). Отбасы болған соң, әрине, ондай жағдайлар болып тұрады. Алайда әйелдердің бұлай істеуі дұрыс па?

Негізінен, ерлі-зайыптылар бір-біріне (дін жағынан) бауыр болып келеді.      Бұл Қасиетті Құранда да айтылған: «Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр…» («Хужурат» сүресі, 10-аят).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманға өзі сияқты мұсылман бауырымен  ренжісіп, үш күннен артық қатынаспай қоюына болмайды. Екеуінің жолы түйісіп, жолыға қалса, бір-бірін көргісі келмей теріс айналады. Ал шынтуайттап келгенде, қайсысы бірінші болып сәлем берсе, сол қайырлы» деген (Бұхари, әдәб 62; Муслим, бирр 23).

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла (с.ғ.с.): «Аптаның әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері Алла тағалаға (құлдарының жақсы-жаман) істері жеткізіліп отырады. Сонда Алла тағала Өзіне серік қоспайтын барлық пенделерінің күнәларын жарылқап, кешіреді. Тек мұсылман бауырымен араздасып, байланысын үзген пендесі бұл мейірімнен құр қалады, өйткені Алла тағала періштелеріне: «Мына екеуін татуласқанша қоя тұрыңдар», – деп айтады» – деген (Муслим, бирр 36).

Сондықтан, қыз-келіншектер, жұбайыңызды олай жазаламаңыз! Одан да ренішіңізді айтып, сол сәтте-ақ түсінісуге тырысыңыз. Сіз ренжіп, сөйлемей жүргеніңізде күйеуіңіз өзіне тамағын дайындап беріп, күліп қарсы алатын сырлас «дос» тауып алмасына кім кепіл?!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: