Қайырымдылық шаралары - ҚМДБ жұмыс бағыттарының бірі екені баршамызға мәлім. Осы бағыттағы жұмыстар Қордай ауданында жүйелі түрде іске асуда.
Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға 40 тонна көмір таратылды. Аудан орталығынан бастау алған ізгі іс осы жолы ауылдық елді мекендерге ұласты.
Әлжан ана, Бетқайнар, Қарасай және Еңбек ауылдарындағы аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға үлестірілді. Ауыл имам-молдалары сауапты істі ықыласпен атқарып, көмек алушылдарға аудан бас имамының сәлемін жеткізді.
Көмек алып қуанған жандар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі