Тараз қаласындағы «әл-Фирдаус» мешітінде бас имам Ғалымбек Жәпектің және жамағатының ұйымдастыруымен кеше ақшам намазынан кейін айлық уағыз дастарханы жайылды.
Қала мешіттерінің имамдары мен жамағаттары бас қосқан бұл дастарханда Қаламыздың бас имамы Қанат Жұмағұл «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында уағыз айтып, тақырып аясында Құран аяттары, хадистермен қатар, тарихи оқиғаларға кеңінен тоқталды.
Жиын соңында Жәпек Ғалымбек имам келген жамағатқа алғысын білдіріп, мешіттің батагөй ақсақалы ас қайырды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі