Мүфтият жанындағы «Халал даму» ЖШС 2018 жылы 148 кәсіпорынға «ҚМДБ халал» сертификатын берді. Бұл туралы ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 351 кәсіпорын ҚМДБ-ның халал сертификатына ие болған.
Еліміз бойынша, 66 дәмхана, 58 ет өнімдері, 30 шұжық өнімдері, 25 тамақ өндірісі, 4 құс фабрикасы, т.б. кәсіпорындар сертификаттаудан өткен.
Сонымен қатар, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің мамандары 2018 жылы 716 имамға арнайы семинар жүргізді.
muftyat.kz