Қазіргі кезде 134 адамға тегін тамақтануды ұсынып отырған ерікті алдағы уақытта 400 адамды түскі аспен қамтуды көздеп отыр. Оның айтуынша, алға қарай бұл көрсеткішті 1 мың зейнеткерге, ерекше қажеттілігі бар және көп балалы отбасылармен көбейтуді жоспарлауда. Ыңғайлы болу үшін ол қаланың бірнеше тұрғын аудандарында түскі ас таратпақ.
«Мәзір «№5 стол» диетасына сәйкес келеді, өйткені зейнеткерлік жастағы адамдар көбінесе қант диабетінен зардап шегеді. Біз мәзірді әр күн сайын ауыстырып отырамыз. Мысалы, балық котлетін буға дайындаймыз, тауық етін және етті көкөністермен бұқтырып пісіреміз», -дейді Р.Темербаева.
muftyat.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.